ҚР ІІМ Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевтың заңсыз сыйақы алды деген күдікпен қамауға алынғаны туралы хабарлады.
Толығырақ. 10 қыркүйекте ұсталған әкімнің бірінші орынбасары және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров сот арқылы 2 айға қамауға алынды. Олар тергеу изоляторларына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі (Қылмыстық топ жасап, аса ірі көлемде пара алу) бойынша тергеледі.
10 қыркүйекте Таубаев пен Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.
Егер кінәсі дәлелденсе, оларға пара сомасынан 80 еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.