Полицияға жарылғыш заттар салынған деген жалған қоңыраулар келіп түсті

Қостанай полициясына бірнеше нысанға «бомба қойылғаны» туралы қоңыраулар келіп түсті

Белгісіз біреу Қостанайдағы балабақша, кітапхана, әуежай, аурухана және басқа да нысандарға «бомба қойылғанын» айтты. Полицейлер қоңырауларды мұқият тексерді, олардың барлығы жалған болып шықты.

«Қазіргі уақытта полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру» бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін еске салды. Мұндай қылмыстар жедел әшкереленеді және қылмыскер барлық шұғыл қызметтерді шақырғаны үшін келтірілген барлық материалдық залалды өтейді.

Добавить комментарий