Қарағанды қаласының тұрғыны баласын төбелесуді үйреткен. Ол ұлын ұруға мәжбүрлеп қана қоймай, күш қолданып, қалай дұрыс ұру керек екенін көрсетті.
Қылмыскер сот алдына келіп, баланың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Жергілікті БАҚ 3 қарашада сот кінәлі адамға айыппұл төлеуді міндеттейтін үкім шығарғанын айтты.
«Сот «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 73-1 бабы — денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соқтыру» бойынша ер адамды кінәлі деген қорытындыға келді», — делінген жергілікті БАҚ-та.
Бұл бап 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Бірақ құқық бұзушы жас үш баланы тәрбиелеп отырғанын, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін ескере отырып, оны әкімшілік ұсталғандарға арналған камераға қамауға алмау деген шешім қабылданды. Ол айыппұлды үкім заңды күшіне енген сәттен бастап 30 күн ішінде төлеуге тиіс.
Сотта ер адам бөтен баланы ұруға оқталмағанын түсіндіріп, баласына бұған дейін бірнеше рет ренжіткен құрдастарының соққысына жауап беруді үйреткісі келгенін айтып ағынан жарылды.
Бірақ басқа бала түсірген бейнеде ер адамның қорғаныс тактикасын ауызша түсіндіріп қана қоймай, төбелесіп жатқан балаларға өзі жақындап, бөтен баланы ұрып, қалай төбелесу керек екенін түсіндіргені байқалады.