Алаяқ әйел қазақстандықтың 2,4 млн теңгесін жымқырды

Алаяқ әйел Талдықорған тұрғынына баспана алып беремін деп уәде беріп, қомақты қаржыны қалтасына басқан.

13 қыркүйекте Алматы облысы Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ кезекші бөліміне «Жетісу» шағынауданының 55 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді.

Талдықорған қаласының полициясы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Жәбірленушінің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмектесемін сылтауымен сенімге кірген әйел оның 2 400 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденіп, берген уәдесін орындамады.

Фото: Алаяқ әйел жәбірленушінің ақшасын жымқырып кетті

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен Талдықорған қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды, ол өз кінәсін мойындады. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы 1-тармағы бойынша СДБТ-ға тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Полицейлер күдіктінің арбауына түскендерді Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ кезекші бөліміне 102 немесе 8 702 559 89 30 нөмірі арқылы хабарласуларын сұрайды.

Добавить комментарий