Түркістан облысында аулаларды су басты

Түркістан облысында нөсер жаңбыр жауып, жеке үйлердің аулаларын су басты.

Кешкісін құтқарушылар жауын-шашынның салдарын жою жұмыстары жүргізілді.

Табиғи құбылыстар салдарынан Төле би ауданының жеке балабақша ауласын және жеке сектордың 25 аула аумағын су басты, деп хабарлайды ТЖМ. Құтқарушылар жауын-шашынның салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.

Аталып өткендей, жаңбыр сағат 17.30-дан бастап үздіксіз жауын-шашын жауды.

«Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суды сорып шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізіліп, 200-ден астам қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарланып отыр», — деп хабарлайды ТЖМ.

Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында.

Синоптиктердің болжамынша, 8 қарашада да өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

Добавить комментарий