Ұлыбритания Навальный қайтыс болған колонияның қызметкерлеріне қарсы санкция салды

Ұлыбритания ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың қайтыс болуына байланысты батыл шаралар қабылдады. №3 «Полярный волк» түзеу колониясында оппозиционерге жауапты болған алты түрме қызметкері Ұлыбританияның санкциясына ұшырады. Оларға ел аумағына кіруге тыйым салынды және активтері бұғатталды.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кемерон Ресей билігі Навальныйды қауіпті деп сестеніп, 2020 жылы уламақ болғанын және саяси қызметі үшін түрмеге қамауды қоса алғанда, репрессиялық шаралар қабылдағанын мәлімдеді.

«Ресей режимінің репрессиялық сипатына ешкім де күмән келтірмейді. Бүгін біз Навальныйға аяусыз қараған түрмедегі жауапты жоғары лауазымды қызметкерлерді жазалаймыз. Оның өліміне жауапты адамдар жазасыз қалмайды», — деп мәлімдеді Ұлыбритания СІМ басшысы.

Сондай-ақ Ұлыбритания ресейлік оппозиционердің өліміне байланысты санкциялар салған әлемдік державалардың ішінде алғашқы ел болды. Ол Ресейді Навальныйдың денесін отбасына беруге шақырып, әділ талқылау және кінәлілерді жауапқа тарту қажеттігін атап өтті.

Добавить комментарий