The New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ Ұлттық гвардиясының әскери қызметшісі Джек Даглас Тейшейра 2022 жылдың ақпанынан бастап Discord онлайн-платформасында 600-ге жуық адам отырған топқа құпия ақпарат жариялаған.
Тейшейра жариялаған жазбаларда ресейлік барлау қызметіне қатысты ақпарат, Киев билігіне көрсетілген көмек, сондай-ақ АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы мен басқа да америкалық барлау қызметтерінің деректері қамтылған. Бұл ретте жазбаларда Ресей және Украина тараптарынан қаза тапқандар туралы ақпарат болды.
Басылымның мәліметі бойынша, қазіргі таңда АҚШ билігі бұл жазбалар туралы білетіні не білмейтіні белгісіз.