ҰҚК тыңшылық пен мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталғанын хабарлады

Қазақстан ҰҚК мемлекеттік опасыздық пен тыңшылық жасады деген күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

Аталып өткендей, олардың арасында шетел азаматы бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.

Қылмыстық істер төмендегі баптар бойынша қозғалды:

ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау);

176-бабы (тыңшылық);

және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету);

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді, деп толықтырды ҰҚҚ.

Добавить комментарий