Беларусь президенті Александр Лукашенко Лондон мен Вашингтон Еуроодақты күйретуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол бұл схемаға Польша тартылғанын атап өтті.
«Батыстағы шекарада жағдай күрделі. Сіздер көріп отырғандай, оңбаған поляктар елдерді аралап шықты. Кеше [Польша премьер-министрі Матрос] Моравецкийдің Ұлыбританияға барды», — деді Мемлекет басшысы дүйсенбі күні республиканың Қорғаныс министрлігінде әскери қауіпсіздік тақырыбында өткен кеңесте, деп хабарлайды БелТА агенттігі. Лукашенко бір-екі жылдың ішінде Вашингтонның қолдауымен Еуропалық одақтың күл-талқанын шығаратынына сенімді.
Лукашенко АҚШ-қа тең келетін әріптестің қажеті жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, ЕО өз валютасын енгізгеннен кейін «бұл долларға қауіп төндірді және еуроатлантикалық блокта проблемалар басталды».
«Біз түсініп тұрмыз ғой. Бізге қазір бәрібір — еуро бола ма немесе доллар ма», — деп атап өтті президент. Лукашенко Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы таңқаларлық жайт емес екеніне сенімді, өйткені ол аталған ұйымнан ешқандай пайда көрмеді, сондықтан қазір Польшаға үміт артып отыр. «Олар, ашық түрде былай деп жариялауда: Еуроодақтан субсидиялар (миллиардтаған доллар мен еуро) аяқталады — бізге ЕО қажет емес. Сондықтан бәрі Еуропалық одақты күйрету үшін жасалуда», — деп түйіндеді Беларусь басшысы.