Қазандағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан тағы бір әйел қайтыс болды

Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қазандағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан тағы бір әйелдің қайтыс болғанын хабардар етті.

«Біз жеті баладан айырылып қалдық. Олар сегізінші сынып оқушылары. Төрт ұл бала және үш қыз бала. Сонымен қатар, бір мұғалімнен айырылдық. Біз тағы бір әйелден айырылдық. Жалпы тоғыз адамнан айырылдық», — деп хабарлады Рустам Минниханов.

Президент тағы 18 баланың ауруханада жатқанын, өкінішке қарай, оқ жарақатын, бірнеше жері сынған, ауыр жарақат алған оқушылар бар екенін айтты. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгенін бәрін жасап жатыр.

Біз Мәскеуден борт күтіп отырмыз, қажет болған жағдайда федералдық медициналық орталықтар да қолдау көрсетеді, — деп атап өтті Рустам Минниханов.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Мектепке де, отбасыларға да көмек көрсетіледі. Бұл біздің республика үшін, мемлекетімз үшін үлкен қайғы. Біз осындай жағдай орын алғанына қатты өкінеміз, — деп атап өтті ол.

Қазандағы №175 мектебінде болған атыс бүгін таңертең белгілі болды.

19 жасар Ильназ Галявиев гимназия ғимаратына баса-көктеп кіріп, тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Кейін белгілі болғандай, ол қаруды қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын заңды негізде сатып алған. Қаскөйді ұсталды. Шабуыл кезінде жасөспірімдер терезеден секіріп, ауыр жарақат алған. ТЖ мән-жайларын тергеумен Тергеу комитетінің қызметкерлері айналысады, олар қаскөйдің неге мұндай қадамға барғанын және ол жасаған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау керек.

РФ тергеу комитеті кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 12 мамырда Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.

Добавить комментарий