ҚР-да ақылы ҰБТ құны өсті

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ құны 2,5 есеге өскенін хабарлады. Оның құны бірнеше жылдан бері алғаш рет көтерілді.

2022 жылы ҰБТ тапсыру үшін 5640 теңге төлеу керек.

ҰБТ 2022 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында өтеді. Тестілеу құны 5640 теңгені құрайды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Бұған дейін жоғары оқу орындарына коммерциялық негізде түсетіндер үшін ҰБТ құны 2 242 теңге болған. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында тестілеу құны неліктен күрт өскенін айтып берді.

«Маусым айында 2022 жылғы мектеп түлектері үшін ҰБТ тегін болады. Жоғары оқу орнына коммерциялық негізде түсетіндер үшін ҰБТ тапсыру ақылы. 2012 жылдан 2021 жылға дейін ҰБТ-ның бағасы 2 242 теңге болса, 2022 жылдан бастап 5 640 теңге болады. 10 жыл бойы ҰБТ бағасы өзгеріссіз болған», — деп түсіндірді Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры түскен қаражат бірыңғай цифрлық экожүйені және компьютерлік тестілеу үшін арнайы жабық VPN желісін ұйымдастыруға, ҰБТ өткізу пункттерін жалға алуға, кеңсе, медициналық және санитарлық жабдықтарға жұмсалатынын мәлімдеді.

ҰБТ тапсырмаларының мазмұнына баса назар аударылады: тест әзірлеушілерге қойылатын талаптар өсуде, тест тапсырмасын әзірлеушілердің, сарапшылардың және апелляция мүшелерінің жалақысы өсуде. Апелляция ұйымдастыру матрицасы да қарастырылған. Төлемдер өз мақсаты бойынша жұмсалады, деді Руслан Емелбаев.

Добавить комментарий