Ресей шетелдік студенттерге шекараны ашады

Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрі Валерий Фальков жоғары оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттерге елге кіруге рұқсат етіледі деген мәлімдеме жасады.

Ресейлік жоғары оқу орындарына бірінші курсқа түскен шетелдік студенттер қыркүйек айында РФ аумағына кіре алады, деп мәлімдеді РФ Білім және ғылым министрі Валерий Фальков.

«Біз қыркүйек айында бірінші курс студенттері үшін РФ-ға белгіленген алгоритм бойынша келуге мүмкіндік ашамыз, бірақ тек ашық елдерден ғана», — деді Валерий Фальков.

Оның айтуынша, федералдық мемлекеттік билік органдарының, субъектілер мен жоғары оқу орындарының іс-қимылдарының арнайы алгоритмі әзірленді, соның арқасында Ресейге шамамен 25 мың бірінші курс студенті кіре алады. Осы аптада оны бекіту жоспарланып отыр.

«Бізде кейбір өңірлерде эпидемиологиялық жағдай қиын, әсіресе Санкт-Петербург және Мәскеу сияқты агломерацияларға көптеген шетелдік студенттердің келуі аурудың көбеюіне түрткі болды», — деп толықтырды министр.

Жоғары курс студенттеріне РФ аумағына кіруді кейінірек қамтамасыз ету жоспарланып отыр деп хабарлады Фальков.  Сонымен қатар, ол басқа да мәселелер бар екенін атап өтті: оқуын бітірген студенттер Ресейден шыға алмауда.

Добавить комментарий