Кешігу мүмкіндігі туралы ескерту: Бірнеше бағыт бойынша пойыздың қозғалыс кестесі өзгертілді

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Аспара станциясында (Түрксіб — Шу учаскесінде) жүк вагондарының рельстен шығуы және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты пойыздар кешігуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне әсер етті және түрлі бағыттар бойынша шамамен 3-4 сағатқа кешігуі мүмкін.

Төменде кешігуі мүмкін қозғалыс бағыттары келтірілген:

Ташкент – Алматы,

Сарыағаш – Алматы,

Ақтөбе – Алматы,

Атырау – Алматы,

Қызылорда – Семей,

Түркістан – Павлодар,

Алматы – Маңғыстау,

Астана – Шымкент,

Алматы – Орал,

Алматы – Саратов,

Алматы – Ақтөбе,

Алматы – Маңғыстау

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын күту кезеңінде пойыз жолаушылары тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта Түрксіб – Шу учаскесінің Аспара станциясында пойыздардың қозғалысы қайта жанданды. Компания жолаушылар пойыздарының белгіленген қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «Ktzh_pp_bot» Телеграмм боты арқылы алуға болады.

Добавить комментарий