Ресей мен Батыс арасындағы текетірестің салдарынан әлемдік қоғамдастық Ресей Федерациясын бейшара ел сияқты көреді. Ресей Федерациясын әлемдегі жағдайды тұрақсыздандыратын ел, сондай-ақ өз халқының құқықтары мен бостандықтарын қорғамайтын үкімет ретінде көреді. Мәскеудің мұндай сыртқы және ішкі саясаты РФ мен басқа елдермен арадағы, оның ішінде халықаралық аренада Ресей үкіметінің ұстанымын қолдамайтын посткеңестік кеңістіктегі елдермен арадағы қарым-қатынасқа сызат түсіреді.
Ресейде билік басындағылар өзіне одақтас іздеп, Орталық Азия елдеріне көз тігіп отыр. «Кремль ОА елдеріне ықпал етіп, Мәскеу үшін тиімді жағдай жасағысы келеді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО әскерлерінің шығарылуы Мәскеуге Орталық Азия аймағындағы елдерге ықпалын нығайтуға таптырмас мүмкіндік болды. Ауғанстандағы билікке Талибанның (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) келуі және террорлық қауіп-қатердің өршуі Ресейге Орталық Азия елдеріне әскери санын арттыруға себеп болды.
РФ Орталық Азия елдері халқына сыртқы қауіп-қатерден қорғауға және қауіпсіздікке кепілдік берді. Тамыз айында Ресей Өзбекстан және Тәжікстанмен бірлесіп ауқымды әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізді. РФ Орталық әскери округінің қолбасшысы Александр Лапиннің айтуынша, оқу-жаттығу жиындарының мақсаты — одақтас елдің аумағына баса-көктеп кірген заңсыз қарулы құралымдарға қарсы бірлескен әскери күш-жігерді жұмылдыру.

Фото: Ресейді өз айналасына одақтастар сақинасын құру мақсатында Орталық Азия елдеріне назар аударады
Батыс саясаттанушылары Ресей әскерлерінің саны артуы және Ресеймен тығыз әскери ынтымақтастық Орталық Азия елдерінің егемендігіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеді. «Ресей армиясы Орталық Азия өңірінде болған сайын, РФ-ның Орталық Азия аймағы елдеріне қатысты риторикасы қалай өзгергені анық байқалады. Ресей Ауғанстан дағдарысын сылтау етіп, ОА елдерін бір шетке ысырып, өз шарттарын қоя бастады. Мәселен, РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Орталық Азия елдерін америкалық әскерилерді өз жеріне кіргізбеуге шақырды», — деп жазады олар.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға қатысты барлық мәселелер бойынша Ресеймен бірыңғай пікірді ұстанатынын мәлімдеген болатын.
Биылғы жылдың үшінші қыркүйегінде Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің ауған жағдайын шешудегі жетекші рөлі туралы ашық мәлімдеді: «Ресей мен ҰҚШҰ-ның басқа да мүшелерімен осы мәселелерге қатысты ортақ пікірді ұстанғанымыз көңілімізге жылу ұялатады. Ресей президенті [Владимир Путиннің] бастамасымен ҰҚШҰ саммиті болған. Біз Ауғанстанға қатысты барлық мәселелерді талқылауға және осы елден төнетін қауіптерге шоғырландырылған ұстанымды әзірледік».

Фото: Ресейді өз айналасына одақтастар сақинасын құру мақсатында Орталық Азия елдеріне назар аударады
Сондай-ақ, ҚР Үкіметі Ресеймен бірлескен АЭС құрылысына байланысты атом жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. «Қазақстанға атом станциясы қажет», — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумының отырысында.
«Айта кету керек, бұған дейін Тоқаев Қазақстан қазіргі таңда атом электр станциясын салуға мүдделі емес екенін мәлімдеген болатын. Бәлкім, Қазақстан үкіметінің басымдығы өзгеруі, жоғарыда айтылғандай, Кремльдің қысымының салдары болар. Көріп отырғанымыздай, Ресей өңірдегі ықпалын нығайтуда», — деп есептейді батыстық саясаттанушылар.