Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық ашылу жоспарлануда

«Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту шаралары мен құралдары» атты республикалық конференция барысында ҚР ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы баяндады.

«Биылдың өзінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық ашылып, өз жұмысын бастайды, яғни еліміздің әр өңірінде бір-бір Орталық болады», — деді министр.

Орталықтарды ашу ҚР Президенті, «Атамекен» ҰКП және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия арасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі әріптестік пен ынтымақтастық туралы қол қойылған келісім шеңберінде қарастырылып отыр.

Келісім әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Құжат әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары шеңберінде жеңілдікті кредиттер мен гранттар беруді, әйелдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарын дамытуға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылын көздейді

Ә. Ерғалиевтің айтуынша, Министрлік құрылып жатқан орталықтар алаңында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін әкімдіктер мен даму институттары жанындағы әйелдерді қолдау орталықтары мен қызметтерінің жұмысын белсенді зерттеуде.

«Орталықтар әйелдердің кәсіпкерлік бастамасының әлеуетін іске асыруға қуатты серпін бере отырып, әйелдерді ақпараттық және консультативтік қолдаудың негізгі көзіне айналады. Әйелдердің экономикадағы рөлінің күшеюі экономикалық өсім мен қоғамның дамуына септігін тигізетініне сенімдімін», — деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама мониторингінің деректері бойынша мемлекеттен қаржылай қолдау алатын кәсіпкер әйелдердің үлесі 32%-ды құрайды. Бұл жеңілдетілген банктік несиелеу және гранттар беру. Қаржылай емес қолдау жобаларының жартысына жуығы (45%) кәсіпкер әйелдердің қатысуымен іске асырылады.

Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастығы аясында 300-ден астам кәсіпкер әйел кәсіпорын жергілікті консультанттардан консультациялық көмек алды, 35,4 млрд. теңге сомасына 21,8 мың несие берілді.

Өз баяндамасының соңында Әсет Ирғалиев кәсіпкер әйелдерге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы мерекемен құттықтады.

Добавить комментарий