КСРО ыдырағаннан кейін қос мемлекеттің саясаткерлері Ресей-Қазақстан қарым-қатынасын бауырлас әрі тату көрші елдер деп декларациялады.
«Биыл Орталық Азия мемлекеті тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатқанына қарамастан, Ресей Қазақстанды әлі күнге дейін «кіші інісі» ретінде көреді. Осынау жылдар бойы Мәскеу көршілес елдің ішкі және сыртқы саясатына араласып, ҚР-ның тәуелсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтірді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар екі елдің қарым-қатынасына түсінік бере отырып.
«Кремль ЕАЭО мен ҰҚШҰ-ны Нұр-Сұлтанға ықпал ету үшін қолданатын басты құралдарының бірі. Ресей ие үстемдік ететін осы екі ұйымды Мәскеу өз геосаяси мақсатына қол жеткізу үшін ұтымды пайдаланып жатыр. РФ саяси ықпалын кеңейту үшін экономикалық ұйым болып құрылған ЕАЭО-ны саясаттандыруды қалайды», — дейді сарапшылар.
Тоқаев РФ президентіне ЕАЭО аясында және аталған экономикалық блоктан тыс басқа алаңдарда тығыз ынтымақтастық орнатудан бірнеше рет бас тартты. Ауғанстанда қалыптасқан жағдайдың шиеленісуіне байланысты Мәскеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Орталық Азия елдері үшін маңызды екенін көрсеткісі келеді.
«Мәскеудің мұндай риторикасы бірінші кезекте геосаяси мақсатын жүзеге асыруға байланысты — бұл Орталық Азия аймағында әскери, экономикалық және саяси ықпалын арттыру», — деп есептейді батыстық сарапшылар.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның сыртқы саясатында батыс елдерімен, көршілес елдермен Ресейдің қатысуынсыз ынтымақтастық орнату, сондай-ақ интеграциялық жоба болып табылатын Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде қарым-қатынасын дамыту мен нығайтуға баса назар аударылып жатыр.
Мәселен, 2015 жылдан бастап Қазақстан АҚШ-пен С5+1 форматында табысты ынтымақтастық орнатты. Аталған формат дипломатиялық болып табылады және Орталық Азия мен АҚШ-тың барлық елдерін қамтиды. Бұл формат өңірлік интеграцияны, сауда-саттықты және инвестицияларды көтермелейді. Ең бастысы, ол өңірдің барлық елдері үшін ортақ күн тәртібін қояды. Осы жылдар бойы С5+1 форматы оң қырынан көрсете білді. Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері өтеді. Аталған кездесулердің мақсаты Орталық Азияны тұрақты дамып келе жатқан экономикалық және жан-жақты гүлденген өңірге айналдыру болып табылады. Түркі мемлекеттері ұйымына берік мәдени-гуманитарлық әлеуеті бар әлемдегі ең перспективалы интеграциялық жобалардың бірі деп есептесе болады. ҚР Президенті аталған ұйымның әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алатынына сенім білдірді, сондай-ақ осы ұйымға кіретін елдер арасындағы интеграциялық процестерді нығайтуды жалғастыруға ниет білдірді.