Қазақстанда жаңа коллекциялық монеталар шығарылады

Қазақстан Ұлттық банкі 4 коллекциялық монета шығарылатынын хабарлады.

«Сипаты таныс бұл монеталар сериясынан (2022-2023 жылдары шығатын коллекциялық монеталар — ред.) бөлек жаңа сериялар да шығарылмақ, ол – «Жаратылыс сырлары» мен «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериялары. «Жаратылыс сырлары», — делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, «Жаратылыс сырлары» атты жаңа серия көне өркениеттің көзімен (тәңіршілдік, үнді, қытай, мысыр өркениеттері және т.б) әлем қандай болғанын айқындамақ. Яғни, монетаның танталдан жасалған жағында көне өркениеттің элементтері, ал, күмістен құйылған жағында қазіргі заманның көріністері бейнеленеді. Ең бірінші болып «Тәңірлік таным» мен «Үнділік таным» атты монеталар жарыққа шығады.

Ал, «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты жаңа серия әлемдік қауымдастыққа еліміздің, соның ішінде, заманауи мәдениет, өнер, спорт салаларындағы жетістіктерін паш етеді.

Бұдан басқа, Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар», «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Дала қазынасы», «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері», «Сиқырлы нышандар», «Банкноттардағы портреттер», «Қазақстан халқының ертегілері», «Қазақстанның қалалары» серияларын шығаруды жоспарлап отыр.

2022 жылы «Сақтар стилі» жаңа сериясынан номиналы 100 теңгелік циркуляциялық монеталардың 5 түрі 5 млн данамен айналымға түседі.

Сондай-ақ, «Барыс ілбіс» пен «Балқаш жолбарысы» бейнеленген «Табиғатты аялайық» атты коллекциялық блистерлік жинақтар шығады деген де жоспар бар.

Добавить комментарий