Испания Ұлттық полициясы елдің түрлі провинцияларында операция жүргізіп, лаңкестікке қатысы бар күдікті 14 адамды ұстады. Бұл туралы ақпаратты EFE агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ұсталғандардың кейбіреулері радикалды пәкістандық қауымдастықпен байланысы бар болуы мүмкін .
Қазіргі таңда Испанияда террористік қауіптің төртінші деңгейі жарияланды. Елде экстремистерді ұстау бойынша операциялар тұрақты түрде жүргізіледі.