Петропавлдағы ІТ-мектептің оқушылары сыныпта тоңып, сыртқы киіммен сабақ оқуға мәжбүр.
«Термометр бағандары -25-тен төмен түскенде, кейбір мектептерде бастауыш сыныптар үшін сабақтар қашықтықтан оқу форматына ауысып жатса, жоғары сынып оқушылары сыртқы киіммен сабақ оқуға мәжбүр. Мектеп оқушыларының ата-аналарының айтуынша, оқу орнында балалар суық дәліздерде жүрмей, бір сыныпта «жылынып» отыру үшін кабинет жүйесі уақытша тоқтатылған», — деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Хабарланғандай, мектеп өткен оқу жылы салынған.
«М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейіндегі температуралық режимге келер болсақ, шын мәнінде, ауа температурасының төмендеуіне және желдің күшеюіне байланысты ғимаратта, атап айтқанда бұрыштағы сыныптарда температура төмендеді. Осыған байланысты әкімшілік жедел шаралар қабылдады: жоғарыда аталған сынып оқушылары басқа кабинеттерге ауыстырылды, сондай-ақ ұйымның мердігері тиісті жылу режимін сақтау бойынша қосымша іс-шаралар өткізеді», — деп хабарлады қалалық білім бөлімінде.