Нұр-Сұлтанда иттер зорланды

Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі иттерді уақытша ұстау изоляторындағы үйсіз жануарларға зорлық-зомбылық фактісі расталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды. «Астана Ветсервис» директоры жұмыстан шеттетілгені туралы хабарланды.

Әкім тәуелсіз сараптама жүргізуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік! «Астана Ветсервис» изоляторында жақында төрт итті зорлады.

«Нұр-Сұлтан әкімдігінің бастамасымен жүргізілген қызметтік тексеру кезінде «Астана Ветсервис» директоры жұмыстан шеттетілді. Елорда әкімінің тапсырмасы бойынша қараусыз қалған жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «СтопОтлов» еріктілер қозғалысы Нұр-Сұлтандағы ауланған жануарлар изоляторында болған төрт итті зорлау фактісі туралы хабарлады. ШЖҚ МКК  «Астана Ветсервис» ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, изоляторының аумағында (Ақсүмбе көшесі, 1) болған панасыз иттерге қатыгездікпен қарау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, сараптама жүргізілетінін мәлімдеді. Полиция «Астана Ветсервис» үйсіз жануарлар изоляторында иттерді зорлағаннан кейін қылмыстық іс қозғады.

Добавить комментарий