ҚХР-да бір тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді

Қытай Халық Республикасының Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 20 614 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бұл пандемия тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

19 199 науқас — симптомсыз тасымалдаушылар, ал 1 415 адамда аурудың симптомдары бар. Қазір ҚХР-да емделіп жатқан науқастардың шамамен 99%-ы коронавирусты ел аумағында, тек 1%-ы ғана шетелде жұқтырған.

Шанхай және Цзилинь провинциясында COVID-19 өршіп тұр- онда індетті жұқтырғандардың шамамен 89%-ы бар.

Наурыз айының соңында Шанхай пандемия басталғалы бері Қытайда ең ірі жалпықалалық шектеулер енгізу аясында 26 млн тұрғынды оқшаулағаны хабарланды. Оған дейін Шанхайда антирекорд орнаған болатын — қалада COVID-19 жұқтырудың 13 354 жағдайы тіркелді.

Бұған дейін Қытайда коронавирустың «омикрон-штамының» жаңа түрі анықталғаны белгілі болды.

Добавить комментарий