Шымкент: халық санитарлық дәрігерді карантинді жеңілдетуге мәжбүр етті

Шымкенттің кәсіпкерлердің кәсібі құлдырап, қалада енгізілген шектеу шараларына қарсылық білдіріп, көшеге шықты

«Біздің тапқан табысымыз түсіп кетті. Қазір көптеген адам Оразаны ұстап жүр, түнде аз да болса табыс тауып, жыртығымызды жамап аламыз деп ойладық. Біз тек сағат 10Ғ00-ға дейін ғана жұмыс істейміз. Егер халық ауырмасын десе, СЭС қарқынды түрде қимылдасын. Біздің қызметімізге бөгет болғаннан басқа түк ешнәрсе тындырмайды. Олардың қызметі осында ма?»- — дейді кәсіпкер Арман Таңсықбаев.

Кәсіпкерлер Шымкент қаласының әкімінен санитарлық дәрігердің отставкаға кетуін талап етті.

Қоғамдық тамақтану орындарының иелерінің айтуынша, кезекті карантин оларды құрдымға жібереді.

Қаланың санитарлық дәрігері қаулыға түзету енгізгені атап өтілді.

«Қаулыда — «қызыл» аймақтағы өңірлерге арналған шектеу шаралары көрсетілген. Оларды шығарған мен емес. Науқастардың саны көп тіркелген аймақтардың барлығында осындай жағдай. Бірақ біз кәсіпкерлердің сөздеріне құлақ астық. Сол себепті жаңа қаулыда тамақты тапсырыспен алдыртуға болатынын көрсеттік», — деп түсіндірді Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев.

Анықтама! Шымкент 15 сәуірден бері коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енген, ал 19 сәуірде санитарлық дәрігер шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Добавить комментарий