Орал: Мектептерде қызыл мәртебесі бар мұғалімдер анықталды

БҚО-да Қазақстан азаматтарының оқшаулау режимін бұзған-бұзбағанын тексеру барысында жұмыс орнында қызыл мәртебесі мұғалімдер анықталды.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев бір апта ішінде Ashyq қосымшасында «қызыл» мәртебесі бар балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер жұмысқа баруға талпынған төрт жағдай анықталғанын айтты. Бұзушылықтар Орал қаласының №1, №10 және №23 орта білім беретін мектептерінде және №14 балабақшада орын алды.

Бұл дерек Ashyq қосымшасы арқылы анықталды. ПТР-тесттің оң нәтижесі көрсеткеніне қарамастан, олар жұмысқа барып жүрген. Басқаларға ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, бұған жол берілмейді, — деді аймақ басшысы.

Добавить комментарий