Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы мамырда вакцина салдыратын адамдардың санына қатысты міндеттеме алды.
Премьер-министр Асқар Мамин мамыр айында екі миллионнан астам адамды коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кету керек, егілген қазақстандықтардың саны биылғы жылдың сәуір айында осы көрсеткішке жету керек болған. Алайда, қазақстандық билік міндетін орындай алмады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, Қазақстанда вакциналау үшін үш вакцина қолжетімді: ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac вакцинасы және БАӘ өндірісінің қытайлық Hayat-Vaх вакцинасы. 1,5 миллионға жуық адам немесе вакциналауға жататын халықтың 15 пайызы ресейлік вакцинаның бірінші компонентін алды.
«Вакциналаудың осы қарқынын төмендетпей, оны тек өсіру керек. Халықтың коронавирусқа қарсы вакцинаға қажеттілігін барынша қамтамасыз етіп, пандемия деңгейін төмендету үшін барлық шаралар іске асырылуда. Ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару кере. Мамыр айында екі миллионнан астам адамды вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Мамин.
Жоспардың орындалуын бақылауды Мамин өзінің орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.
12 сәуірде Премьер-Министр екпе егу кестесін қатаң сақтауды тапсырды: сәуір, мамыр және маусым айларында 2 миллион адамды вакцинаменқамтамасыз ету. 27 сәуірде Асқар Мамин сәуір айының қорытындысы бойынша егуге жататын халықтың 20 пайызы егілуге тиіс деп мәлімдеген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, сәуір айында халықтың 20 пайызын вакциналау туралы жоспары орындалмаған.
Қыркүйек айында 10 миллион азаматты вакцинациялау науқаны аяқталады деп күтілуде.