Малиден анықтамасыз келген қазақстандық коронавирус жұқтырған болып шықты

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Малиден Қазақстанға оралған біздің елдің азаматы коронавирустық инфекцияға шалдыққан болып шықты.

Ол ПТР-тест анықтамасынсыз елге оралды. Осы рейспен тағы 383 жолаушы ұшып келді, оларда тиісті анықтама болмады, алайда қауіпті вирус олардың тек біреуінде ғана расталды.

Өткен тәулікте Қазақстан 13 халықаралық рейсті қабылдады. Екі мыңға жуық жолаушының 213-інде анықтама болмады. Олардан тест алынды. Қазір олар карантиндік стационарда ПТР-тестінің нәтижесін күтіп отыр.

Добавить комментарий