ДДҰ басшысы COVID-19 бойынша жаңалықтармен бөлісті

Коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша әлемдік статистикаға сәйкес, соңғы сегіз аптаның ішінде Covid-19-дан әлемде 170 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Covid-19-ға көз жұма қарамау керек, деп мәлімдеді брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.

«Желтоқсан айының басынан бері апта сайын Covid-19 кесірінен қайтыс болғандар саны артып келеді. Соңғы сегіз аптада Covid-19-дан барлығы 170 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл тіркелген жағдайлар, нақты қайтыс болған науқастар саны анағұрлым жоғары», — деді Тедрос Адхан Гебрейесус.

Ол осы аптада Covid-19 бойынша төтенше комитеттің отырысы өтетінін, онда қазіргі жағдай әлі де жаһандық төтенше жағдай болып табылатынын шешуі керек екенін хабарлады.

«Мен әлі де көптеген елдердегі ахуалға және өлім-жітімнің өсуіне алаңдаулымын. Менің жолдауым айқын: бұл вирусты жете бағаламау керек, ол әлі де жойылмады, егер мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге және дезинформациямен жан-жақты күресуге көбірек күш салмасақ, онда аурудан көз жұмған адам саны артады», — деп мәлімдеді ДДҰ басшысы.

 

Добавить комментарий