Денсаулық сақтау министрі мен Алматы қаласының әкімі коронавирусқа қарсы күрес мәселелерін талқылауда

Алматыда коронавирусқа қарсы күрес шаралары толық атқарылып жатқан жоқ. Анықталған науқастардың саны артып келеді, коронавирусқа қанша адам шалдыққанын нақты ешкім айта алмайды.

Қазақстанда вакцинация формальды сипатқа ие. Халыққа екпе салынып жатқан жоқ. Вакциналауға арналған препараттар жетіспеуде.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы ахуалды, ағымдағы эпиджағдай мен коронавирустық инфекциясына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талқылады.

Алматыдағы COVID-19-ға қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін көшпелі штаб өткізу туралы шешім қабылданды. Жналыстар саны артады. Осы қабылданған шешімнен жағдайдың қаншалықты жақсаратыны түсініксіз.

Цой КВИ бойынша жағдай Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында екенін, сондықтан Алматыда COVID-19-ға қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау министрлігінің, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының, жетекші клиницистердің және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қызметкерлерінің, медициналық қызмет комитетінің қатысуымен көшпелі штаб өткізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Министр инфекцияның одан әрі таралу қаупін, оның ішінде вирустың жаңа мутацияларын ескере отырып, шешуге назар аударды.

Екпе салдыруды ниет етіп отырған қазақстандықтарға вакцинация жүргізу қашан басталатыны хабарланбады. Билік коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде препарат өндіруді қамтамасыз ете алмауда.

Добавить комментарий