Ресейде COVID-19-дың «Арктур» варианты анықталды

Ресей Федерациясында «Арктур» деп аталатын COVID-19-дың жаңа түрін жұқтыру жағдайлары анықталды.

Роспотребнадзордың мәліметі бойынша, коронавирустың бұл түрі жұқпалырақ, бірақ басқа түрлерге қарағанда симптомдары жеңіл өтеді.

Аталған түрдің алғашқы генетикалық реттілігі VGARus базасына енгізілді және ведомствоның баспасөз қызметіне сәйкес, осы түрмен күресу үшін эпидемияға қарсы қосымша шаралар енгізу талап етілмейді.

БАҚ-тың хабарлауынша, коронавирустың жаңа «Арктур» деп аталатын түрі Үндістанда ауруға шалдыққандар артуына себеп болды, сондай-ақ АҚШ, Аустралия, Жапония, Оңтүстік Африка, Израиль, Ұлыбритания, Германия, Испания, Тайланд және Қытай сияқты елдерден анықталды.

 

Добавить комментарий