
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова вакцинацияның толық курсын алып, бірінші ревакцинациядан өткендерге ревакцинацияны қайталау туралы шешім қабылдады.
Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
«КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі», — делінген құжатта.
Covid-19 жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
медицина қызметкерлері;
медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
күш құрылымдарының қызметкерлері;
педагогтар;
пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
50 жастан асқан адамдар.