ДДСҰ пандемия жақында аяқталатынын мәлімдеді

ДДСҰ басшысы өткен аптада COVID-19 бойынша апта сайынғы хабарланатын өлім саны пандемия басталғалы бері ең төмен көрсеткіш болғанын айтты.

Ұйымның мамандары пандемия жақын арада аяқталады деп болжап отыр.

«Өткен аптада апта сайын тіркелетін Covid-19 жұқтырып қайтыс болғандардың саны 2020 жылдың наурызынан бері ең төмен көрсеткіш болды. Біз пандемия жақын арада деп болжап отырмыз. Біз бұндай деңгейге әлі қол жеткізген жоқпыз, бірақ аяқталатын кезі жақын», — деп мәлімдеді брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Сонымен қатар, ол барлық елдерді ең қауіпті топтарын, бірінші кезекте, медицина қызметкерлерін вакцинациялауды жалғастыруға шақырды.

ДДСҰ дерегі бойынша, 11 қыркүйектегі жағдай бойынша бүкіл әлемде Covid-19 жұқтырған 605 млн адам анықталды және 6,4 млн өлім жағдайы тіркелді. Қытайдың Ухан қаласында алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Covid-19 ауруының өршуі тіркелді. 2020 жылы 30 қаңтарда ДДҰ бұл өршуді халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай, ал 2020 жылғы 11 наурызда пандемия деп жариялады.

Добавить комментарий