ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирустан 4 489 адам емделіп жатыр.
Стационарларда — 2 420, амбулаториялық деңгейде — 2 069 науқас жатыр.
150 адам ауыр жағдайда, 15 адам аса ауыр дәрежеде, 22 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған.
Науқастардың жалпы санынан — 333-і бала.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір тәулік ішінде 442 адам коронавирус жұқтырды. Елімізде барлығы 112860 науқас анықталды.