Қазақстан билігі коронавирусқа қарсы күрсеуге дәрменсіз күйде, сонымен қатар қатаң ковид-геноцид саясатын жүргізуде.
Қатаң шаралар індеттің статистикасына қарамастан енгізіледі. Мәселен, Qr-коды жоқ, Ashyq-та тіркелмеген және жасыл мәртебесі жоқ тұлғалар үшін сауда орталықтары мен ХҚКО-ларға кіруге тыйым салу мәселесі қаралуда.
«Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, ХҚКО-лар Ashyq қосымшасы бойынша жасыл мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.», — деп хабарлады сейсенбі күні болған үкімет отырысында.
Бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізу ұсынылады.