ДДСҰ COVID-19 жұқтырған науқастар қанша күн жұқпалы болатынын нақтылады

Адам ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше апта бойы ПТР тестілерінің нәтижесі оң болуы мүмкін. Бірақ бұл оның жұқпалы екенін білдірмейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович айтты.

«Жұқпалы болу үшін тірі вирусты тарату керек. Алдын ала жүргізілген зерттеулерге сәйкес, науқастардың көпшілігі симптомдар пайда болғаннан кейін 8-9 күн өткен соң ғана жұқпалы болады, алайда бұл инфекциялық кезең ауыр науқастар үшін ұзаққа созылуы мүмкін», — деп түсіндірді Мелита Вуйнович.

ДДCҰ-ның ұсынған 14 күндік карантин кезеңі бойынша инкубациялық кезең туралы қолда бар ақпаратқа негізделген. Қазіргі сәттегі деректерге сәйкес, орташа инкубациялық кезең 5-6 күнді, жоғарғы шек 14 күнді құрайды. Бұл карантиннің ұзақтығына қатысты ұсыныстың негізі.

Естеріңізге сала кетейік, 2011-2017 жылдары Мелита Вуйнович ДДСҰ-дың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы қызметін атқарған болатын.

Добавить комментарий