Қазақстан Түркияға 100-ден астам киіз үй жібереді. Хабарланғандай, бұл үшін қаражатты еліміздің азаматтары жинаған.
«Дәл қазір 20 млн теңгеден астам қаржы жиналды. Біз оларды 45 киіз үйді сатып алу үшін аудардық. Бұған 17,3 млн теңге кетті. Қалған 2,3 млн теңгеге тағы 10 киіз үй сатып аламыз. Бизнесмендер мен меценаттар 50-ге жуық киіз үй сатып алды, олар әуежайдағы қоймада тұр», — деді журналист Нұрбек Бекбау бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол сондай-ақ қаражат жинау тоқтатылғанын атап өтті.