Пентагон РФ әскер санын 2 млн-ға арттыруы мүмкін деп есептейді

Пентагон Ресейдің кәсіби армия саны 2 млн-ға дейін ұлғайту мүмкін емес деп санайтынын мәлімдеді.

Ресей билігі Украинаға баса-көктеп кіріп, ондаған мың әскери қызметшіден айырылып, енді әскер санын артыруда қиындықтарға тап болды. Владимир Путиннің әскери қызметшілер санын 1 миллион 150 мың адамға дейін ұлғайту туралы Жарлығы орындалмауы мүмкін, деп мәлімдеді дүйсенбі күні журналистермен кездесуде Пентагонның аты аталмаған жоғары лауазымды өкілі.

«Бұл сәтсіз аяқталуы мүмкін, өйткені бұған дейін Ресей армияның жоспарланған саны мен оның қуатын қалпына келтіре алмады… Шын мәнінде, Украинаға басып кіргенге дейін армияда адам санының жетіспеушілігі 150 мың әскери қызметшіні құраған», — деп атап өтті Пентагон өкілі. Оның айтуынша, келісімшарт бойынша әскери қызметке тұрған ересек жастағы әскери қызметшілердің көбі физикалық тұрғыдан әскери қызмет атқаруға дайын емес. Пентагон сарапшылары осы және басқа да фактілерді алға тартып, әскери қызметшілердің санын арттыру жөніндегі күш-жігер Ресей әскерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттырмайды деген қорытынды жасап отыр.

Добавить комментарий