Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 қарсы вакциналау бойынша ұсынымдарға өзгерістер енгізгенін мәлімдеді
Жалпы, ДДСҰ балалар үшін COVID-19 қарсы түрлі вакциналарды пайдалану қауіпсіз болу үшін қосымша зерттеу қажет деп есептейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балаларға екпе салуға рұқсат берді, және COVID-19 қарсы вакциналау бойынша ұсынымдарды жаңартты.
Бұған дейін ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу қажет емес деген ұстанымда болған, өйткені осы санаттағы адамдар үшін вакцина салуға қатысты мәліметтер жеткілікті болған жоқ.
«Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда ауруды жеңіл қабылдайды, сондықтан, егер олар COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары тобына кірмесе, оларды егде жастағы, созылмалы аурулары бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне басымдық берілуі керек», — деп атап өтті ДДСҰ өкілі.
Ұйым балаларды қауіпсіз вакциналауға қатысты жалпы ұсынымдар беру үшін COVID-19-ға қарсы түрлі вакциналарды қосымша зерттеу керек екенін айтты.
«ДДСҰ сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобы (SAGE) Pfizer/BionTech вакцинасын 12 жастан бастап салдыруға болады деген қорытындыға келді. Жоғары тәуекел тобына жататын 12-15 жас аралығындағы балаларға бұл вакцина басқа басым топтармен қатар ұсынылуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Вакциналардың балаларға әсерін сынау жалғасуда және ДДСҰ нақты деректер немесе эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұсынымды жаңартады.