Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқаны туралы айтылды.
«Біз шамамен 5 мың ӨЖЖ аппаратын сатып алуды жоспарлап отырмыз, олар қазірдің өзінде жеткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның ауруханаларында 3 мыңнан астам аппарат орнатылған, оның 1,5-і отандық өндім. Алдағы бірнеше аптада барлық аппараттар жеткізіледі», — деді ДСМ басшысы Алексей Цой.
Ол елдегі жағдай тұрақты екенін атап өтті. Ауруханаларда 4,8 мың адам емделуде.
Көрші елдерде, әсіресе еуропалық өңірде, ТМД елдерінде де аурудың өсімі байқалады. Біз үшін бұл жағдайды ұстап тұру маңызды. Бізде көрсеткіштер жақсы болғанымен, біз бәрібір төсек қорын ашамыз, дәрі-дәрмек сатып аламыз, жеке қорғану құралдарымен, бетперделермен қамтамасыз етеміз. Біз екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Әрине, біз үшін оның болмауы өте маңызды. Ең маңызды дерек — әлеуметтік қашықтық пен бетперделер, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Министр барлық қазақстандықтарды бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауға шақырды.
«Біз бұл толқынның болуына немесе болмауына өзіміз әсер ете аламыз. Қазір денсаулық сақтау жүйесіне екінші толқынға дайындық және профилактикалық-түсіндіру жұмыстары ғана байланысты», — деп түйіндеді ол.