Коронавирустың үнді штаммының құпиясы ашылды

Ресейде коронавирустың үнді штаммының басты құпиясы толық ашылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ҰЗО директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

Бұл мутацияның бірінші күрделі адам ағзасына түсіп, жасушаларға еніп, ол антиденелерге өте төзімді.

«Ол жасушаларға зақым келтірмей, бір жасушадан екінші жасушаға өтіп, көп ядролы жасушаларды түзеді», — деп түсіндірді Гинцбург.

Гинцбург атап өткендей, коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы арқылы бүгінде белгілі штаммдарда қорғау үшін жеткілікті мөлшерде антиденелер қоры қалыптасқан.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) төтенше аурулар бөлімшесінің техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове коронавирустың үнді штаммына қарсы барлық вакциналардың тиімділігін бағалаған. Оның айтуынша, барлық вакцина аурудың ауыр түрлері мен өлімге қарсы тиімді болып қалып отыр. Ол сондай-ақ вакцинаның екі дозасы ғана толық қорғауды қамтамасыз ететінін атап өтті.

21 маусымда Үндістан билігі «дельта плюс» (B.1.617.2.1) деп аталатын жаңа штамм пайда болғанын хабарлаған. Оны 20 адам жұқтырып үлгерген. Эпидемиологтардың айтуынша, жаңа түр спайк аққуызында K417N мутацияға ұшырауымен ерекшеленеді. Ол індетпен ауырған және вакциналанған адамдардағы антиденелерінің белсенділігін төмендетеді.

Добавить комментарий