Блинкен Ресей Иранға жойғыш ұшақтар жеткізуі мүмкін деп есептейді

АҚШ Мемлекеттік хатшысының пікірінше, Ресей мен Иран арасындағы қарым-қатынасының «зардабы» көп деп мәлімдеді.

Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі Мәскеу Тегеранға заманауи ресейлік жойғыш ұшақтарын беруі мүмкін деп есептейді, бұл «Иранды өте қауіпті қылады». Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен CBS телекомпаниясына берген сұхбатында айтты.

Ол кезекті рет Иран Украинадағы арнайы әскери операция кезінде қолданылып жатқан ұшқышсыз ұшу аппараттарын Ресейге жеткізіп жатқанын мәлімдеді.

«Біз бұны әшкерелеп, оған қарсы шаралар қабылдап, санкциялар салу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ресей мен Иран арасындағы қарым-қатынасының зардабы көп болып барады және бұл екіжақты қозғалысы бар көше іспеттес. Иран ғана техникасын Ресейге жеткізіп жатқан жоқ, Ресей де Иранға әскери техника жеткізіп жатыр, оның ішінде заманауи жойғыш ұшақтар да бар. Егер Иран осы технологияны алса, онда ең қауіпті болуы мүмкін», — деді америкалық дипломатия басшысы.

Оның айтуынша, АҚШ бұл мәселені бүкіл әлем бойынша одақтастарымен және серіктестерімен талқылауда. Блинкен Ресей-Иран қарым-қатынасы алаңдаушылық тудыратынын айтты.

Добавить комментарий