Эммануэль Макрон: Еуропа COVID-19-ға қарсы вакцинаның салдарынан «соғыстың жаңа түріне» тап болды

Франция президентті Эммануэль Макрон Еуропалық одақ саммитінің қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация салдарынан «соғыстың жаңа түрі» туралы мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, «Ресей мен Қытай вакцинаның көмегімен ықпал арттыруға ұмтылуынан» осындай жағдай орын алып отыр. Француз көшбасшысы қалыптасқан жағдайда Еуропаға осындай препараттарды өндіру мәселесінде дербес болу керек деген пікір білдірді.

Макрон таяу айларда Еуропа коронавирусқа қарсы вакцина өндіру көлемін ұлғайтып, ірі өндіруші болатынына уәде берді. Бұл ретте ол егер өндіруші Еуроодаққа жеткізу бойынша міндеттерін орындамаса, вакцина экспортына тыйым салуды ұсынды.

Француз басшысы Pfizer және Moderna компаниялары AstraZeneca-ға қарағанда өз міндетін орындайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Ішкі нарық мәселелері жөніндегі еурокомиссар Тьерри Бретон бұған дейін Еуропаға ресейлік «Спутник V» вакцинасы қажет емес деп мәлімдеген болатын, себебі Брюссель ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін  мақұлданған төрт препарат жеткілікті .

Бұған дейін ол «Спутник V» — тиімді вакцина, бірақ оны Еуроодақта өндіруді жолға қою керек, ал ол үшін Ресейге көмек қажет болуы мүмкін деп айтқан болатын.

Италия премьер-министрі Марио Драги ЕО шеңберінде үйлестіру болмаса, Рим ресейлік вакцинаға тапсырыс беруі мүмкін екенін жоққа шығармады.

ГФР канцлері Ангела Меркель атап өткендей, Еуроодақ «Спутник V»-ті пайдалану қажет, егер ЕО вакцинаға тапсырыс бермесе, онда Германия оны өз бетінше әрекет етеді.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу ешкімге өз вакцинасын алуға мәжбүрлемейді, алайда Еуропада ол қажеті емес деген пікір айтылғанда, ол кімнің мүддесін қолдап отыр деген сұрақ туындайды — азаматтардың ба әлде фармкомпаниялардың ба, деп айтқан болатын.

«Осы адамдар бізге қарсы санкциялар енгізіп, не істеу керек екенін үйретеді», — деді Ресей басшысы.

Добавить комментарий