Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың тәуліктік өсімі артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде өткен тәулікте ПТР-тест арқылы 2893 жаңа жағдайы анықталды.
Өңірлер бөлінісінде: Нұр-Сұлтан қаласы — 574, Алматы қаласы — 695, Шымкент қаласы — 112, Ақмола облысы — 97, Ақтөбе облысы — 117, Алматы облысы — 240, Атырау облысы — 140, Шығыс Қазақстан облысы — 93, Жамбыл облысы — 69, Батыс Қазақстан облысы — 185, Қарағанды облысы — 225, Қостанай облысы — 33, Қызылорда облысы — 72, Маңғыстау облысы — 108, Павлодар облысы — 55, Солтүстік Қазақстан облысы — 27, Түркістан облысы — 51.
Елімізде барлығы ауруға шалдыққан 297839 науқас анықталды.