Украиналық дәрігер коронавирусқа қарсы туа біткен иммунитет туралы мәлімдеді

Танымал украиналық педиатр, доктор Комаровский жақын арада коронавирустан болатын өлім-жітім жағдайлары тұмаудан болатын өлімнен аспайтынын мәлімдеді.

Одан бөлек, ол көптеген адамдардың COVID-19 физикалық түрде жұқтыра алмайтынын атап өтті.

Коронавирусқа қарсы көптеген адамдардың туа біткен иммунитеті бар екенін түсіну керек. Олар ауырмайды. Жай ғана ауырмайды, оларға түк болмайды. Бәрі де қайтадан ауырып қалмайды, кейбіреулер онымен ауыра алмайды, оның иммундық жүйесі сондай, оны коронавирус жеңе алмайды. Ондай адамдар көп, — деді Доктор Комаровский украиналық белгілі журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатында.

Қазір бүкіл әлемнің дәрігерлері әрбір қалада, өңірде, елде антиденелердің болуы бойынша ұжымдық иммунитетті бағалауға тырысуда. Алайда, Комаровский мұны күш пен уақытты босқа құртып жатыр деп санайды.

Тіпті Нью-Йоркте осындай өршуге қарамастан антиденелердің 30%-ы ғана бар, барлығымыз да ұжымдық иммунитетке дейін, 60-70%-ы әлі ұзақ. Бірақ адамдардың көбі ауырып жатқаны және олардың антиденелері жоқ екені немесе олардың аз мөлшерде табылатыны баршаға мәлім. Бірақ иммундық жүйе жад жасушаларын қалдырады, ол инфекцияны одан әрі жеңе алады. Яғни, антиденелердің болуы міндетті емес, бірақ сен қорғалалғансың, олар бар, бірақ анықталмайды. Шын мәнінде, біз қазір ұжымдық иммунитет тұрғысынан қандай кезеңде екенімізді түсінбейміз, өйткені ауырмайтын немесе ауырып қалған адамдардың саны едәуір көп. Нәтижесінде біз ерте ме, кеш пе, коронавирустан болатын өлім-жітім тұмау деңгейіне шығамыз. Коронавирусты тұмауымен салыстырғаным үшін мені қатты сынағанына қарамастан, біз бұған келеміз, — деп түйіндеді сөзін Комаровский.

Добавить комментарий