Алматы: COVID-19 жұқтырған 145 бала ауруханаға жатқызылды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, стационарда 145 бала ем қабылдап жатыр, оның ішінде екі баланың жағдайы ауыр.

1500-ден астам бала амбулаториялық деңгейде емделуде, оның 169-ы әлі бір жасқа толмаған.

Алматыда Covid-19 жұқтырған 145 бала стационарларда жатыр, олардың екеуі — жансақтау бөлімінде, деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Маман ауруханада ауыр халде жатқан балалардың ілеспе аурулары бар екенін атап өтті.

Алматыда 1500-ден астам бала амбулаториялық деңгейде емделуде, оның 169-ы бір жасқа толмаған. Covid-19 жұқтырған балалардың көбісінде ауру жеңіл өтеді.

«Балаларда ересектерге қарағанда ілеспе аурулар аз болады — бұл плюс, бірақ біз екі-алты аптадан кейін пайда болуы мүмкін мультисистемді қабыну синдромынан қорқып отырмыз», — деп түсіндірді Светлана Сұлтанғазиева.

Соңғы аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру 0,6%-ға, 1 жасқа дейінгі балалар арасында 0,3%-ға өсті.

Covid-19 жұқтырған қазақстандықтардың ішінде бұрынғысынша 20-39 жастағы адамдардарың үлесі ең жоғары, 40%-ды құрайды. 40-59 жас аралығындағы адамдар — 26,7%, 60 және одан жоғары жастағы науқастар — 19,3%.

Добавить комментарий