Белгілі онколог Райымқұл Қарақұлов қайтыс болды

Белгілі дәрігер, онкология саласының профессоры Райымқұл Қарақұлов өмірінің 80 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «онкология және радиология ҚазҒЗИ » акционерлік қоғамының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

«Осы түні онкология және радиология ҚазҒЗИ гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының құрметті профессоры, тәлімгер, онколог-дәрігері Райымқұл (Роман) Қарақұлов өмірден өтті”, — деп жазды АҚ қызметкерлері.

Ол 1942 жылы 13 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мединститутты тәмамдағаннан кейін Гурьевтегі облыстық ауруханада хирург, кейін Алматы мемлекеттік мединститутының факультеттік терапия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

1971 жылы ҚазҒЗИ-ға лаборант болып келді. Осы жерде кандидаттық диссертациясын қорғады, ал 1986 жылы Мәскеуде докторлық диссертациясын қорғады.

1984 жылдан бастап гемобластоздар бөлімшесінде жұмыс істеді, ҚазҒЗИ-де осы бөлімшені құрудың бастауында тұрды. 1993 жылдан 1999 жылға дейін бөлімше басшысы, кейін химиотерапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Соңғы жылдары Гематология және сүйек миын транспланттау орталығының профессоры болды.

Добавить комментарий