Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі күзгі-қысқы кезеңнің басталуына байланысты дайындық жұмыстары туралы хабарлады. Атап айтқанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері техниканы жылдың суық мезгілінде пайдалануға дайындайды.
Әскери техника кез келген басқа техника сияқты жылдың қысқы мезгілінде пайдалануға алдын ала дайындықты қажет етеді. Аяздың аяқ-астынан келуінен сақтану үшін Ақтөбе гарнизонында қысқы пайдалану кезеңіне қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Техникалық іс-шараларды өткізудің ерекшеліктері туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімі командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Олег Давыдов айтып берді.
Техниканы қысқы пайдалану режиміне ауыстыру бірнеше кезеңде жүргізіледі. Алдын ала кезең барысында құжаттама дайындалады, техникалық қызмет көрсету құралдары, парктердің технологиялық желісінің элементтері, өртке қарсы жабдықтар, сондай-ақ қосалқы бөлшектермен, жанар-жағармай материалдарымен, басқа құрал-сайманмен және мүкәммалмен қамтамасыз ету тексеріледі. Келесі кезеңде техниканың негізгі жұмыстар қару-жарақ пен әскери техникалық жай-күйін тексеруге бағытталған. Қазан айының ортасына дейін жалғасатын үшінші кезең доңғалақты, шынжыр табанды техника мен құралдарға қызмет көрсетудің негізгі көлемін қамтиды, — дейді подполковник Олег Давыдов.
Техниканы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға әрбір әскери қызметші жіберілмейді. Техника, жөндеу бригадалары, бөлімшелердің командирлері және олардың материалдық техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлары қатысатын үш күндік нұсқау-әдістемелік сабақтардан кейін әрбір адам қауіпсіздік шаралары, улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу және улы газбен уланудың алдын алу бойынша сынақ тапсыруы қажет.
Күн суытқанға дейін үш жүзден астам техника мен қару-жараққа қызмет көрсету керек. Жұмыстың күрделілігіне байланысты орташа есеппен бір автомобильге үш күннен он күнге дейін созылады. Отынды төгуге, отын бактарын мұқият жууға, радиаторларды тазалауға назар аударылады. Бу-ауа клапандары, ауа тазалағыштар, аккумуляторлар, ауа баллондары мен компрессорлар тексеріледі және қызмет көрсетіледі.
Техникалық жұмыстардың жүргізілуін арнайы құрылған комиссия қадағалайды.