РФ-да Борис Моисеевтің өліміне қатысты тергеу жүргізілуде

Ресей тергеу комитеті атақты әртіс Борис Моисеевтің өліміне қатысты тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Кісі өлтіру нұсқасы жоққа шығарылмайды.

«Тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеруді бастады: «Борис Михайловичтің денесінде дене жарақаттарының байқалмағанына қарамастан, ведомство 105 бап («кісі өлтіру») және 111 бап 4-бөлігі («өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақаттары») бойынша тергеу жүргізуде», — деп жазады ресейлік басылымдар.

Борис Моисеевті өткен жексенбі күні Мәскеудегі Троекуров зиратында жерленді.

27 қыркүйекте Моисеевтің арт-директоры Сергей Горох әртістің денесін оның пәтерінен тапқан.

Добавить комментарий