Беларусь: Наразылық акцияларын қаржыландырған күдіктілер ұсталды

Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, Беларусьте наразылық қозғалыстарын қаржыландырған күдікті екі адам ұсталды. Олардың бірі журналист Андрей Александров деп хабарланды.

Беларусьтің құқық қорғау органдары елдегі наразылық қызметін қаржыландырған күдікті екі адамды ұстады, олардың бірі — белорустық журналист Андрей Александров. Бұл туралы жұма күні Беларусь ішкі істер министрінің орынбасары Геннадий Казакевич мәлімдеді.

«Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері Беларусь Республикасындағы заңсыз бұқаралық іс-шараларды қаржыландыру арналарын анықтау жұмыстары барысында екі жеке кәсіпкердің ізіне түсті. 12 қаңтарда олар құрықталды. 42 жастағы Андрей Александров пен онымен бірге тұратын 31 жастағы Ирина Злобина 2020 жылдың тамыз айынан бастап Минск аумағында жаппай тәртіпсіздіктер мен өзге де наразылық акцияларына қатысқан тұлғаларды қаржыландырумен айналысқаны анықталды», — деп атап өтті ІІМ басшысының орынбасары ведомствоның Telegram-арнасында орналастырылған түсініктемеде.

«Геолокация координаттары бойынша табылған құпия жерде 100 мың АҚШ доллары мен еуро болған», — деп толықтырды Казакевич.

Оның айтуынша, наразылық қызметін қаржыландыру «айыппұлдарды төлеу, ҚБОО (құқық бұзушыларды оқшаулау орталығы) және УҰИ (уақытша ұстау изоляторы) және т.б. ұстауды өтеу жолымен жүзеге асырылды». «Бұл ретте осы мақсатта пайдаланылған барлық қаражатты олар шетелден алды», — деді Казакевич. Ол қаражаттың бір бөлігін ұсталғандар жеке қажеттіліктеріне — Минскіде қымбат тұрғын үйді жалға алуға, азық-түлік сатып алуға жұмсағанын хабарлады. «Жауап алу барысында Александров осындай қызметпен айналысу туралы ұсынысты BYHELP ынтымақ қорының негізін қалаушысы болып табылатын Андрей Стрижак пен Алексей Леончиктен алғанын түсіндірді.

Министрдің орынбасары Александров пен Злобина «2020 жылдың 22 тамызынан бастап 9 қарашаға дейін әртүрлі адамдырдың атынан барлығы 250-ден астам айыппұл төлегенін» айтты. Казакевич «ақша Минск ауданының аумағында тығылған жер арқылы берілгенін» мәлімдеді. Сонымен қатар, министрдің орынбасары, астаналық дүкендердің бірінің сақтау камерасында Александровқа арналған «банк карточкасы дайындалғанын, оның көмегімен қолма-қол ақшасыз төлемдер жүзеге асырылғанын, сондай-ақ ақша қаражаты қолма-қол ақшаға айналдырылды» деп толықтырды.

Қылмыстық іс

Казакевич күдіктілердің пәтерлерінде және «БелаПАН» агенттігінің кеңсесінде тінту жүргізілгенін, оның басшыларының бірі Александров ұзақ уақыт бойы кеңсе бөлмесін жалдап тұрғанын хабарлады. «Айыппұлдарды төлегені туралы 168 түбіртектер, банктік төлем карточкалары, $25 мың және 20 мың беларусь рублі мөлшеріндегі ақша сомалары, наразылық атрибутикасы, компьютерлік техника табылып, тәркіленді», — деді ІІМ басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, тергеушілер Қылмыстық кодекстің 342-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған («Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын топтық іс-әрекеттерге қатысу үшін адамдарды оқыту және өзге де даярлау, сондай-ақ осындай іс-шараларды қаржыландыру және басқа да материалдық қолдау»).

Сондай-ақ, ол «тіркелмеген қоғамдық ұйымдардың бірінің наразылық шараларын қаржыландырудың ұқсас фактілері бойынша тексеру аяқталғанын» хабарлады. «Тексеру материалдары құқықтық баға беру үшін Тергеу комитетіне берілді», — деді Беларусь ІІМ басшысының орынбасары.

Добавить комментарий