Латвия Ресейге қарсы жаңа санкция салуға шақырады

Латвия билігі Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкция салу қажеттігін мәлімдеді.

Латвия СІМ басшысы Эдгар Ринкевичс Украинаның «Л/ДХР» және басқа да уақытша бақылауына кірмейтін аумақтарында «референдум» өткізуіне байланысты Ресейге қатысты жаңа санкциялар салуға шақырды. Министрдің хабарламасы Twitter-де жарияланды.

«Ресей Украинаның басып алынған аумақтарында жалған референдумдар өткізуде алға жылжып келе жатқан сияқты. Халықаралық қауымдастық бұл қадамның жолын кесу керек, жаңа санкциялар салынуы тиіс», — деп мәлімдеді Латвия СІМ басшысы.

Ринкевичс сондай-ақ Киевке одан да көп қару-жарақ беруге шақырды.

«Украина өз аумағын қайтаруы үшін көбірек қару керек, біз Ресейдің қоқан-лоқысына жол бермеуіміз керек», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Добавить комментарий