Армения Әзірбайжанмен болған қақтығысқа байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұрады

Армения премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үкімет басшысы Никол Пашинян 13 қыркүйекте түнде Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақырды.

Хабарламада атап өтілгендей, отырысқа Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерінен басқа, республика президенті Ваагн Хачатурян мен Ұлттық жиналыс президенті Ален Симонян қатысты.

Отырыста Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайға қатысты алдағы шаралар талқыланды.

«Армения Республикасының егеменді аумағына қатысты агрессияға байланысты Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелерін іске асыру мақсатында Ресей Федерациясына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми түрде жүгіну туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Еске салайық! Армения мен Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі шекарада әскери қақтығыс шиеленіскенін мәлімдеді.

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Армения-Әзірбайжан шекарасында соғыс басталғаннан кейін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Добавить комментарий