Жаңа оқу жылынан бастап ресейлік оқушылар «ұшқышсыз ұшақтарды жауынгерлік мақсатта қолдану негіздері» атты жаңа пәнді оқиды. Бұл ұсыныс Ресей қорғаныс министрінің қарауына шығарылып, РФ Білім министрлігі мақұлдағаннан кейін қолдау тапты.
Осы бағдарлама шеңберінде оқушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (ҰҰА) байланысты түрлі аспектілерді, олардың түрлерін, мақсатын, тактикалық-техникалық сипаттамаларын, сондай-ақ жергілікті жерді барлау және жаудың ҰҰА-на қарсы іс-қимыл әдістерін зерделейтін болады. Биыл қыркүйек айынан бастап аталған бағдарламаны білім беру ұйымдарына және «Авангард» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің оқу-әдістемелік орталықтарында енгізу жоспарлануда.
Бұл қадам РФ президенті Владимир Путиннің сәуір айында мектеп бағдарламасына ұшқышсыз ұшу аппараттарды басқару курстарын енгізуге тапсырғаннан кейін қабылданды. Ресейлік мектептер маусым айында балаларды дрондарды басқаруды үйрету үшін «арнайы ұшқышсыз ұшақтарды» және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алуды бастады. Осылайша, Ресей балаларды дрондар мен ұшқышсыз ұшақтарды басқару жүйесіндегі заманауи технологиялар қамтамасыз етіп, оқытпақ, бұл болашақта түрлі салалар мен кәсіптерде пайдалы болуы мүмкін.